Қалалық аурухана карантинге жабылды

Қостанай қалалық ауруханасы карантин режиміне көшірілді деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Аталған мекемеде қызметкерлер мен емделушілерге коронавирус инфекциясына қарсы талдау жасалды.
аурухана
Естеріңізге сала кетейік, кеше проктологиялық бөлімшеде жатқан 1965 жылы туған пациентке COVID-19 диагнозы қойылған болатын. Осыдан кейін бірден эпидемияға қарсы іс-шаралар қабылданып, ауруханада болғандардың бәрінен анализ алынған.

"КВИ анықталған емделушімен жақын қарым-қатынаста болған барлық қызметкерлер мен пациенттер қалалық аурухана аумағында оқшауланған. Енді келетін адамдар әзірге облыстық ауруханаға жіберіледі. Ал, қалалық аурухана ішіндегі науқастарды емдеу және шығару тәртібінде жұмыс істейді", — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓