Үкіметтен көмек бар

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісім-шарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі. Осылайша, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.
Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:
  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көп балалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтау кезінде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда қайтыс болған адамдардың отбасылары;
  • ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады. Осындай көмекке үміт артып отырғандардың бірі рудныйлық Мақпал Төлегенова.
50 сурет
­­­­- Мен Рудный қаласының тұрғынымыз. Мен көпбалалы анамын. Жасым 32-де. Төрт балам бар. Ұлым туабітті мүгедек. Үкімет тарапынан әлеуметтік көмек алып отырамыз. Өзіме де, балаға төленіп тұрады. Жақын арада қалалық «Нұр Отан» партиясынан телефон шалып, өзін таныстырып, біз сияқты отбасыларға үкімет тарапынан 50 мың теңге көлемінде көмек берілуі тиіс екенін түсіндіріп, осы ақшаны алдыңыз ба деп сұрады. Ол кезде білмедім ондай көмек барын. Үш күннен соң шотыма 50 мың теңге түсті. Оның сыртында екі қызым білім алатын мектептен екеуіне көмек ретінде екі пакет азық-түлік берді. Жақын арада АӘК алатын отбасы ретінде әр балаға азық түлік берілуі тиісті екен. Енді оның орнына ақшалай әр балаға 5500 көлемінде көмек беріледі деп күтіп отырмыз.
Осындай қиын кезде көп балалы отбасыларға, жұмыссыз қалғандарға, әсіресе мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға оңай емес екені белгілі. Осындайда мемлекет тарапынан барынша көмек беріліп жатыр. Енді мүгедек баласы бар отбасыларға коммуналдық төлемді төлеуге көмек ретінде 15 мың теңге берілетінін естідім. Бұл да көмек болар еді. Бірақ әлі құжат әзірлеп, жібермедім. Ал қазір 42500 теңгеге үміткерлер де алып жатыр. Жұмысынан айрылып қалғандарға ол да көмек. Ал мен балаға жәрдемақы алып отырған соң оған ешқандай құжат рәсімдемедім.
Өзім балаға қарап үйде отырмын. Ал жолдасым жұмыс істейді. Шүкір, жұмысы тоқтаған жоқ. Медициналық маска, перчатка киіп жұмысына уақытылы барып жүр. Көпбалалы ана ретінде қиындықта көмек беріп жатқан үкіметке ризашылығымды білдіргім келеді, ­­- дейді көпбалалы ана.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓