Жітіқарадан төртеу…

Қостанай облысында анықталған 4 адам да Жітіқара қаласының тұрғындары болып шықты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетік комиссияның Жедел штабы хабарлады. Төрт азаматтың екеуі — 1972 және 1993 жылы туған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдардың көршілері, қалған екеуі — 1975 және 1998 жылғы азаматтар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған.
e005f3fe093511545712e2562d3e3116
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 4 адамнан да COVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығына шағымы жоқ. Аталған азаматтар оқшауланды және тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Олардың байланыс жасаған адамдарын анықтап, оқшаулау жұмыстары қолға алынған. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 19 адам бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓