Арнайы топ дезинфекция жүргізуде

дези 11111

Оңтүстік облыстардың әскерилері Қостанай қаласының аулаларында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы қалалық жеке пәтер иелері кооперативінің өкілдері хабарлап отыр.

«Шипин және Бородин көшелерінде арнайы жабық киім, маскалары бар жеті адамнан тұратын бригада жұмыс істеуде. Олардың арқаларында «Қарулы күштер» деген жазулары бар. Арнайы топ аулаларды дезинфекциялап жатқанда, тұрғындарға подъездерінің ішін арнайы хлорлы ерітінділері бар сумен жуып-тазалап отырсын дедік», — дейді ЖПИК өкілдері.

Анықталғандай, әскерилердің бір бөлігі блок-бекеттерде, қалған бір бөлігі қала ішінде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. Олар автобустар, балалар алаңдары, подъездерің кіре берістері, шарбақтар, кіші архитектуралық нысандарды дезинфекциялайды. Әскерилер тұрғындар кооперативінің көп жұмыстарын атқарып беріп жатыр.

сайтка 2222

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓