Коронавирус: +2

Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның тағы 2 жағдайы тіркелді. 2020 жылғы 17 сәуірде 48 және 49 жастағы Жітіқара қаласының тұрғындарында COVID-19  диагнозы расталды. 
"Ер адамның біреуінде карантинге алынған тұлғаларды тексеру кезінде расталды. Екіншісінде алғашқы ауырып қалған адаммен жақын қарым-қатынаста болғаннан туындады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайары қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сай тиісті ем-шаралар жүргізілуде", — делінген Аумақтық жедел штабтың ақпаратында.
Жалпы бүгінгі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓