Әкім есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен телефон арқылы сөйлесті. Өңір басшысы коронавирусқа қарсы күрес, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды іске асыру барысын баяндады. Сондай-ақ, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тің жұмыс режиміне біртіндеп шығуын қамтамасыз ету, егіс жұмыстары және "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" іске асыру бойынша Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысы жайында есеп берді.

тоқаеввв

Бүгінгі таңда өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 жағдайы тіркелген, 1 адам қаза тапты.

Қостанай облысында инфекцияның алдын алу мақсатында 1 228 медициналық төсек орыны жабдықталған. Бұл өңірдегі барлық медициналық кереуеттің 27%-ін құрайды. Алдын ала бекітілген алгоритмге сәйкес коронавирустық инфекцияның бар-жоғына 3376 зерттеу жүргізілді. Үй карантиніне 1068 адам орналастырылды.

Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысының аумағында шектеу шараларын қатайту арқылы карантин режимі енгізілді. Карантин режимін 29 Бекет блогы, 33 мобильдік патруль және жаяу патрульде 300-ден астам полиция қызметкері қамтамасыз етеді.

Алғашқы екі күн ішінде полиция халық арасында карантиндік шараларды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Содан кейін ТЖ режимін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдана бастайды. ТЖ режимі басталғаннан бері 408 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-ы қамауға алынды.

Қостанай облысы көктемгі егіске толық дайын. Жақын күндері жер өңдеу, ылғалды жабу жұмыстары басталады. Ауыл шаруашылығы құрылымдары толық көлемде (528 мың тонна) тұқыммен қамтамасыз етілген.

Көктемгі егіс жұмыстарына 22,9 мың трактор, 1032 егіс кешені жұмылдырылмақ.Техника 100% дайын. Облыс бойынша 71 мың тонна арзандатылған ЖЖМ бөлінді, жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы егіс жұмыстарын несиелендіруге 25,9 млрд теңге бөлінді.

Табысты жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Бүгінгі күні әлеуметтік төлем 117 260 азаматқа 5 млрд теңге сомасында тағайындалды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шамамен 54 млрд теңге бөлінді,  13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Жол картасы төтенше жағдай кезінде біздің облыстың 6,7 мыңнан астам тұрғынын 85 мың теңгеден кем емес мөлшерде табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысының есебін тыңдаған Президент оған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді деп хабарлайды Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓