42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді алу құқығын тексеру қызметі мен өтінімдерді қабылдаудың маңызды кезеңі жайлы мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.photo_316085
«Ең бірінші кезекте берілгеннен бастап нәтиже шыққанған дейін өтінім қандай кезеңдерден өтетінін түсіндіре кеткім келеді. Егер өтінім жұмыс берушіден келсе ол жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық штабқа түседі. Өтінім 12 сағаттың ішінде автоматты анализден өтеді. Артынша 1 күннің ішінде шешімді қабылдау үшін өтінім қаралады да, оның тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны туралы хабар беріледі. Әлеуметтік төлем туралы өтінім мақұлданған жағдайда ақша жұмыс күні тапсырылады», — деп жазады Нариман Мұқышев Telegram парақшасында.
Вице-министр сонымен қатар халықтан көп түсетін сұрақтарға тоқталды.
Сұрақ: ЖСН нөмірін енгізгеніммен ол жеке куәліктің нөміріне неге сәйкес келмейді деп шығады?
Жауап: Бұл жерде екі себеп болуы мүмкін. Сіз ЖСН немесе жеке куәлік нөмірін енгізген кезде қателесуіңіз мүмкін. Болмаса құжат жоғалып, күші жойылған.
Сұрақ: "Сіздің өтініміңізді жұмыспен қамту бойынша штаб қарап жатыр, 4 қадамның 1-ші қадамындасыз" деген нені білдіреді? Бұл қадам тағы бір күнге созыла ма?
Жауап: Яғни ол өтінім сіздің жұмыс берушіңізге жолданған. Бір күннің ішінде ол автоматты анализден өтеді. Мұндай жауап табыссыз демалысқа шығып кеткен жалдамалы жұмысшыларға көбінесе берілуі мүмкін.
Сұрақ: "Сіздің өтініміңіз төлемді тағайындау ережесіне сәйкес автоматты анализде" деген сөз нені білдіреді? (аударым, БЖТ) (4 қадамның 2-ші қадамы). Келесі қадамға 12 сағаттан кейін өтесіз деген нені білдіреді?
Жауап: Өтінімнің төлемді тағайындау ережелеріне сәйкестігі автоматты анализ бойынша тексеріледі. 12 сағаттың ішінде сіздің өтініміңіз келесі кезеңге өтеді.
Сұрақ: «Шешім қабылдау үшін өтінімді қарастыру» деген нені білдіреді? (4 қадамның 3-ші қадамы). "Аталмыш қадамды қарау уақыты 1 жұмыс күніне созылады" деуінің себебі неде?
Жауап: Бұл кезеңде жүйеде қалыптасқан электронды құжаттардың толымдылығы мен дұрыстығы қаралады. Бұл процес бір жұмыс күніне созылады.
Сұрақ: «Сіздің өтініміңіз 42 500 теңгені тағайындау бойынша шешімді қабылдау кезеңінде» деген нені білдіреді (4-ші қадамның 4-ші қадамы)? Аталмыш қадамды қарау уақыты 1 жұмыс күніне созылады деуінің себебі неде?
Жауап: Өтінім берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу-қатыспауы (жеке кәсіп бойынша зейнетақы/әлеуметтік аударымы, БЖТ), ереженің басқа да шарттарына сәйкестігі тексеріледі.
Сұрақ: Егер 42 500 теңге тағайындалды! Егер сіз IBAN деп қалдырсаңыз, ақша жақын арада жұмыс күнінде түседі. Егер IBAN дұрыс көрсетілмесе немесе дұрыс болмаса онда сізге СМС келеді. Бұл дегеніңіз ақшаның түскенін білдіре ме?
Жауап: Иә, бұл дегеніңіз IBAN дұрыс көрсетілсе жақын арадағы жұмыс күнінде ақшаның сізге жіберіледі. Алайда IBAN дұрыс көрсетілмесе немесе дұрыс болмаса, онда сізге IBAN сұранысы бойынша СМС-хабарлама келеді.
«Сонымен қатар IBAN сұранымы 2020 жылдың 4 сәуіріне дейін келген азаматтар да болады. Егер сіз жауап ретінде оған IBAN дер жолдасаңыз, сервис сіздің өтінімініңіздің табылмағанын білдіреді. Өтінімді egov.kz, 42500.enbek.kz немесе телеграм-бот арқылы жіберіңіз. Бұл өтінім міндетті түрде қаралады», — дейді Нариман Мұқышев.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓