Қытайлықтар көмекке келеді

Covid-19 инфекциясымен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға қытайлық мамандар келеді. Делегация құрамында жоғары санатты, коронавирусты емдеу және алдын алуда үлкен тәжірибеге ие дәрігерлер бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
"Қытайлық делегацияның миссиясы- қазақстандық ақ халаттыларға консультативті әдістемелік жәрдем көрсету. Оның ішінде, инфекцияның алдын алу және бақылауда ұстау, дертті анықтау, оқшаулаудың қытайлық механизмімен таныстыру",-делінеді ҚР ДСМ хабарламасында.916cecf6-ae60-492f-bc39-ba94d4e4f464Қытай мамандары ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Циньпиньнің арасындағы 24 наурыздағы телефон арқылы сөйлесу барысында келісілген ымыра аясында елге келеді.
Құрамында пульмонология, инфекция, интенсивті терапия, эпидемиология және басқа 13 білікті маманы бар делегация Нұр-Сұлтан қаласына 9 сәуірде ұшып келеді. Олармен қоса ҚХР-дің гуманитарлық жүгінің екінші бөлігі әкелінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓