Қостанайда 200 отбасы 25 келіден тегін ұн алды

Бұл “Nur Otan” партиясы Қостанай облыстық филиалының “Бест Қостанай” ЖШС диірмен комбинатымен жасалған меморандумның арқасында жүзеге асырылды.  
нур отан2Бүгіндері “Nur Otan” партиясының төрағасы, Елбасы Н. Назарбаев бастамашылық жасаған “BizBirgemiz! Nur Otan” республикалық акциясының аясында, “Nur Otan” партиясының облыстық филиалының “Бест Қостанай” ЖШС диірмен комбинатымен жасаған меморандумы елімізде COVID-19 коронавирус таралуына байланысты мұқтаж отбасыларына әлеуметтік және қайырымдылық көмегін көрсетуге мүмкіндік туғызып отыр. Кәсіпорын осы акция шеңберінде халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж тобына 25 келіден 1000 қапшық ұн таратуға шешім қабылдады.  Өз кезегінде “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының еріктілері оны мұқтаж отбасыларына таратып береді. Бұл жерде көмекке зәру отбасыларының тізімін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру облыстық басқармасы жасайтынын атап өту қажет. 
нуротан
“Nur Otan” партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаевтың айтуынша, бүгінгі күнге азық-түлік себеті, зарарсыздандыру құралдары, бетперде және қолғап түріндегі атаулы көмек 800-ден астам отбасына көрестілген.
нуротан4-Елбасы, “Nur Otan” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, партиялық “Ардагерлерді ардақтайық”, “Кедергісіз келешек” және “Бақытты отбасы” жобалары аясында, еліміздің қалалары мен аудандарын, барлық ауылдарын қамтитын республикалық «BizBirgemiz! Nur Otan» акциясы басталған болатын. Елімізде орын алып отырған жағдайға байланысты біз бір-бірімізге көмектесіп, тұтастығымыздың қаншалықты берік халық  екендігімізді көрсетуіміз қажет. «Nur Otan» және «Jas Otan» еріктілерінің күшімен 20 көшпелі топ құрылып, аптаның қай күні болса да ауа райының қолайсыздығына қарамастан қазіргі уақытта кім көмекке зәру болса, соған қол ұшын беріп отыр. Олар — көпбалалы аз қамтылған отбасылар, ерекше күтімді қажет ететін жандар, ардагерлер мен жалғызбасты қарт адамдар. Көмек кезең-кезеңмен көрсетілетін болады. Бірінші кезекте аса мұқтаждарды қамту жоспарланған, — дейді Эльдар Күзенбаев.
Облыстың бизнес қауымы да халықты қолдау және қайырымдылық көрсетуден тыс қалмақ емес. Солардың қатарында жоғарыда аталған «Бест Қостанай» өкілдері де еліміздегі төтенше оқиға кезінде отандастарымызды қолдап, акцияға катынасуға шешім қабылдады. Диірмен комбинатының директоры Видади Юсубов айтқандай, олар халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына атаулы көмек беріліп жатқанын көргенде оны айналып өте алмадық та, бұл қайырымды іске өз үлестерімізді қосу қажет деп есептедік.
нуротан3
-Жаңалықтардан «Nur Otan» партиясының облыс тұрғындарына көмек беріп жатқанын көрдік. Үйлеріне азық-түлік, зарарсыздатқыштар, қолғаптар мен бетперделер жеткізіп беріп жатыр. Қазір үйден бейсеует көшеге шығу да қауіпсіз емес. Біз де осындай кезеңде аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуымыз қажет деп шештік. Бүгін партияның облыстық филиалымен меморандамға қол қойып, ол бойынша қала тұрғындарына 25 келіден 1 000 қапшық ұн жеткізіліп берілетін болады, —  дейді Видади Юсубов.
Атаулы көмекті бүгін бірінші болып әйелдер мен балаларды үйрету Қостанай қалалық орталығының аналары мен балалары алды. Тізім бойынша бүгін кешке дейін 200 отбасына ұн жеткізілетін болады. Партияның облыстық филиалы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыра беретін болады. Алдағы демалыс күндері мұқтаж отбасыларын қамту саны 1000-ға дейін жетпек.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓