Шектеуге шекеден қарағандар: 10 адам қамалды

A prisoner behind bars with hands cuffed

Қостанай облысында төтенше жағдай режимін бұзған 10 адам қамауға алынды. Бұл туралы өңірлік әкімдік жанындағы Ақпараттық штаб хабарлайды. Қамалғандар көңіл көтеру орындарының, ойын клубтарының және сауда нүктелерінің қожайындары. Олар санитарлық-эпидемиологиялық шараларға қарсы уақытша шектеу тәртібін орындамағандар.

«Атап айтар болсақ, «Блэк мист» кальян-барының иесі нысанды белгіленген уақытта жаппағаны үшін 12 тәулікке қамауға алынды. Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінің 58 жасар тұрғыны үй карантині режимін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды. Ол Ресейден келген соң үйде болу керек еді, бірақ тексеру кезінде қонаққа кетіп қалған. Амангелді ауылының 20 жасар тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 7 тәулікке қамауға алынды. Ол төтенше жағдай режимін бұзған екі оқушыны полиция қамауға алып, олардың ата-анасына 560 мың теңге айыппұл салды деген фейк хабарлама таратқан. Қостанайда «Playstation» ойын клубының және «Блэк энд вайт» кальян-барының қожайындары, сондай-ақ Рудныйда «Алнет» компьютерлік клубының қожайындары төтенше жағдай кезінде дер уақытында жұмысты тоқтатпағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, Рудныйда Октябрьдің 50 жылдығы көшесіндегі компьютер клубы уақытында жұмыс күнін тоқтатпай жұмыс істеп тұрғаны үшін оның иесі 2 тәулікке жабылды. Осы қаладағы «Эмир» дүкенінің саудагері медициналық маска, қолғапсыз қызмет көрсеткені және нан өнімін қаптамасыз сатқаны үшін сауда нүктесінің қожайыны 2 тәулікке қамауға алынды. Б.Майлин ауданының Тобыл кентіндегі екі құрылыс дүкенінің қожайындары жұмысшыларды маска, дезинфекция ерітінділерімен қамтамасыз етпегендері үшін 1 тәулікке қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓