Бәріне сабырмен қарайық

Есым Давлетов,
Қостанай облысы мәслихатының депутаты:
Қазіргі жағдайда бәріміз бірікпесек болмайды. Шыдамдылық танытатын болсақ, бұл кезеңді де артқа тастаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қамын жасап, кезең-кезеңімен бағытталған бағдарламаны ұсынды. Бұл халық үшін үлкен қолдау болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, Үкіметке тиісті тапсырма берді. Бизнесті қолдау, көктемгі егіс жұмыстарын дер кезінде бастау, несиелерді төлеу уақытын кейінге шегеру, жұмыссыз қалғандарға көмек ретінде төлем төлеу, зейнетақыны өсіру секілді біраз іске бастамашы болды. 42500 теңге көлеміндегі көмек біраз азаматтарға көмек болары сөзсіз.
есым
«Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі», — деп Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мәлімдеген болатын. Қазір бұл бастама басталып та кетті. Тек сабырлық сақтап, мемлекет басшысының тапсырмасымен карантинде табыссыз қалған азаматтарға қолдауын рет ретімен бәрі де алатынын түсінуіміз керек. Бұл кеше ғана бастау алған соң үкімет оның алу жолдарын жеңілдету үшін барын салуда. Бәрі халық үшін. Мұндайда сабырсыздыққа бой алдырмай, таратылып жатқан ақпаратқа жүгіне отырып бәрін орындасақ болғаны.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓