Азаматтығымыз сыналар сәт туды

ppПрезидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде Қазақстандағы төтенше жағдай уақытында әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақырту туралы қаулыға қол қойды. Мұның кез келген азамат үшін маңызы зор деп санаймын. Мен өз басым әскери боршымды өтеу үшін Аманкелді аудандық қорғаныс бөліміне өтініш жасап, 2018 жылы ақылы түрде Қорғаныс министірлгінің Претропавл қаласындағы әскери оқыту техникалық мектебінде 40 күндік резервтік оқудан өтім. Оқу барысында арнайы тактикалық жаттығулардан алған білімдерімізді енді іс жүзінде іске асыратын уақыт туды деп білемін.  Еліміздегі төтенше жағдай уақытында медицина саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетіспей жатыр, олар күні-түні халықтың қауіпсіздігі үшін күресіп жатыр. Бірақ, мамандар әлі де болса тапшы. Сондықтан мен Президенттің тапсырмасын қолдаймын, өзім сияқты жастарды жергілікті қорғаныс бөлімдеріне барып, ерікті түрде өтініш жасап, елімізге қызмет етуге ықтияр білдіруге шақырамын. Қамсыз қарап отырсақ, ел жағдайы оңала ма? Көпке түкірік шашпайын, бірақ ауылда әскери борышын өтеп келіп, жұмысқа да орналаспай, ата-анаға масыл болып отырған жастарымыз баршылық. Тепсе темір үзер ағаларымыз бен іні бауырларымызды бірлікке, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын.

Айбек Таңатбаев,
Амангелді ауданының жас кәсіпкері,
Жастардың алтын кітабының лауреаты
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓