1320 бөтелке тәркіленді

Әулиекөл ауданында этил спирті мен алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан кәсіпкер сотталды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кәсіпкер Аманқарай ауылынан транзитпен өтетін жүк автокөліктерінің жүргізушілерінен әртүрлі қазақстандық және ресейлік алкогольдік өнімдерді сатып алып отырған, осы әрекеттері үшін ол ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
коллаж сот
Әулиекөл аудандық сотының үкімімен заттай айғақтарды жою белгіленген.
“ҚР Қаржы Министрлігінің қаржы мониторингі Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу Департаменті РММ” басшысы сотқа заттай айғақтар бөлігінде сот үкімін орындау тәсілін өзгерту туралы өтінішхат берді.
Сот іс материалдарын зерделеп, елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және аталған өнімдерді антисептикалық құралдар ретінде пайдалануды ескеріп, заттай айғақтар бөлігіндегі оны жою туралы сот үкімін орындау тәсілін өзгертуді қаулы етті.
Уақытша сақтау қоймасында сақтаулы заттай айғақтар Қостанай облысының Әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі штабқа берілетін болады.
Қаулы дереу орындауға жатады.
Қаулы заңды күшіне енді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓