Маска тақпасаңыз, жазаға тартыласыз

Маскалық режимді бұзу облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына қайшы әрекетке саналып, ҚР Әкімшілі құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтқанда, тәртіп бұзғандар 10-нан 500 АЕК көлеміне дейін айыппұл арқалауы немесе 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. IMG_5155
Бұл шаралар заңды және жеке тұлғаларға бірдей қолданылады. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Андрей Финктің айтуынша, ережеге бағынбағандарға ешқандай ескерту жасалмайды, бірден сот тәртібі бойынша жазалау шарасы қабылданады. Ал маска кимеген адам короновирус инфекциясына шалдығып, оны өзгелерге жұқтырған болса, ол қылмыстық немқұрайлылығы үшін 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 
Мәлімет бойынша, бүгінде Қостанайда 20-дан астам кәсіпорын маска тігіп жатыр. Оны "№59 дәріхана "Цветная" дәріханалар желісінен сатып алуға болады. 
Айта кетейік, 2 сәуірден бастап барлық азамат тек автобустарда және қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де маска киіп жүруге міндетті. Бұл тәртіпке қостанайлықтардың жауапкершілікпен қарап жатқанына мына суреттер дәлел бола алады.IMG_5160
IMG_5206IMG_5197IMG_5213IMG_5217IMG_5254IMG_5237IMG_5188
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓