Облыс әкімі №11 блок-бекетке барды

Қостанай өңірінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары күшейтіліп, 31 наурыз сағат 22.00-ден бастап облыс аумағына кіріп шығу уақытша шектелген болатын. Аймақ шекараларында 10 блок-бекет қойылып, онда тәртіп сақшылары, жедел әрекет ету жасағы және медицина қызметкерлері кезекшілікпен жұмыс істейді.
блок12

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қарасу ауданындағы №11 (Сұрған) блок-бекетінде болды. Бұл өткізу посты Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 240 шақырымында Жанысай ауылының жанында орналасқан.

блок14

блок15

Өңір басшысы ондағы қызметкерлермен кездесіп, жұмыс және демалыс жағдайларын қарады. Мұнда екі ауысым бойынша 12 сағат кезекшілік жүргізіледі. Бір ауысымда 6 полиция қызметкері, оның ішінде 3 арнайы жасақ қызметкері, сондай-ақ, 2 медицина қызметкері жұмыс істейді.блокпост7 блокпост10

Полиция қызметкерлері облыс аумағына кіретін көліктерді тіркеумен айналысады, ал дәрігерлер кірген адамдардың температурасын өлшейді.блок22 блок23

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жалпы алғанда, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қамтамасыз ету бойынша жауапты мемлекеттік органдардың дайындығын оң бағалады.блокпост2блокпост11

Барлық өткізу бекеттерінде облыстың аумағына кiретін және шығатын автокөлік пен азаматтарға бақылау жүргізіледі.
Жүктерді жеткізетін немесе транзитпен өтетін аймақтағы жүк көліктерінің қозғалысы Полиция департаментінің патрульдік полициясымен бақыланады, кіру және шығу уақытын белгілейді. Ал, облыс аумағындағы елді мекендер арасында жүріп тұруға маршруттық автобустардан басқа барлық көлік түрлеріне рұқсат берілген. блок17

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓