Мақсат – жұмыссыздықты болдырмау

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік қорғау саласындағы дағдарысқа қарсы шаралар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Әбенова және “Мемлекеттік сақтандыру қоры” Қостанай обылыстық филиалының директоры Наталья Юдина айтып берді.
брифинг абенова
Филиал директорының сөзінше, “Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” ҚР Президентінің 2020 жылғы                          16 наурыздағы №286 Жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем тәртібі белгіленді. Атап айтар болсақ, төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған жұмыс істейтін қазақстандықтар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік  төлемдер алады. Мәселен, бір қызметкерге әлеуметтік төлем мөлшері 1 ЕТЖ немесе айына 42,5 мың теңгені құрайды және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына барабар тағайындалады. Әлеуметтік төлем орта, шағын және микробизнес қызметкерлеріне ғана қолданылады.
Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Әбенованың айтуынша, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу және қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеу және елді мекендердің әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралар кешенін анықтау мақсатында ҚР Үкіметі инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жол картасын әзірледі.
-Жол картасы әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым саласының объектілерін жөндеу, қайта жаңарту, елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жобаларды іске асыруды көздейді. Жобаларды іске асыру аясында жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасатын қосымша жұмыс орындары құрылмақ. Жол картасы аясында облыста жалпы сомасы 53,7 млрд теңгеге 273 инфрақұрылымдық жобаның тізбесі құрылды. Ал, жобаларды іске асыру 13 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша құрылатын жұмыс орындарына 7 мыңға жуық жұмыссыз азамат жұмысқа орналасатын болады, — дейді Г.Әбенова.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама түріндегі көмек бірінші рет көрсетіледі, ол 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ай сайын тамақпен (азық-түлік жиынтығы) және гигиеналық құралдармен тоқсан сайын қамтамасыз етіледі.  Бүгінгі күні облыс бойынша АӘК алушылар арасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3682 бала КБӘТ алуға үміткер.
-Төтенше жағдай кезінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етіледі. Азаматтардың белгілі бір әлеуметтік осал санаттарына көмектің осы түрі АӘК  алушы тұлғалардың шоттарына 2 АЕК мөлшерінде ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады. Бұл көмекпен 5 мыңнан астам бала қамтылады, — дейді Г.Әбенова.

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓