Визасыз режим тоқтатылды

Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді. 72 сағаттық визасыз режим 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. 200330102203406a3631028i
Атап айтқанда «Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр. ««ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режімінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», — деп жазылған Үкімет қаулысында.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіліп, ресми түрде жарияланды.
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓