6 жылғы іздеуден кейін…

2013 жылдың желтоқсан айында рудныйлық кәсіпкерді ұрлап әкетіп, өлтіріп кеткен болатын. Көп өтпей оның мүрдесі мен өртенген көлігі  Рудный-Қарабұтақ тас жолы аумағында табылды. Естеріңізге салсақ, кәсіпкердің өліміне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың бірнеше мүшелері сотталған еді. Іс материалдары бойынша марқұм қылмыстық топ мүшелерінің бірімен жанар-жағармай саудалау кезінде келіспей қалады. Жанжалды шешу үшін қаскөйлер бизнесменді өлтірген.

Енді міне, арада алты жылдан астам уақыт өткен соң рудныйлық полицейлер Омбы қаласында атышулы қылмысқа қатысты күдіктіні құрықтап отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Kv39BOPW_400x400

Қылмыстық істі жүргізуге және күдіктіні ұстауға тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлер жұмылдырылыпты.

«Адам өлтіру дерегі бойынша 6 адам күдікті деп танылды. Олардың төртеуі ұсталып, екеуі шекара асып қашып кетті. Бесінші күдікті 2016 жылы Ресейдің Челябі қаласында қолға түскен болатын. Енді міне, қылмысқа қатысы барлардың соңғысы 2020 жылғы 16 наурызда Омбы қаласында тұтқындалды. Ол 6 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ол бұған дейін жалған паспортпен бой тасалап келіпті. Онысымен қоймай, кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлаған. Рудныйлық полицейлер ресейлік әріптестерімен бірлесіп, күдіктіні ұстау операциясын жүргізді», — дейді Рудный қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

1111

Қаскөй Ресей Федерациясы аумағында уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Минск конвенциясының шартына сәйкес оны Қазақстанға экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 2 тармағы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓