Бірлігіміз бұзылмасын!

     Бүгінде еліміз  қиын кезеңді бастан өткеруде. Десек те, бұл дүрбелең мен байбаламға себеп болмауы тиіс.
      «Жас қанат 2006» ЖШС басшысы ретінде мен елдегі барлық кәсіпкерлерге қаншалықты жауапкершілік жүктелетінін түсінемін. Сауда кәсіпорындарында мыңдаған адамдар жұмыс істейді, олардың әл-ауқатының бизнес құрылымдардың тиімді жұмысына байланысты екені мәлім. Мен Елбасының үндеуін қолдаймын және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға өз үлесімді қосуға дайынмын. Қостанайлықтардың әрбірінің осындай қадамға барарына сенімім зор. Әрбіріміздің барымызбен бөлісіп, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуіміз, зейнеткерлерге дәрі-дәрмектерін жеткізіп, ардагерлерге күнделікті өмірде қамқорлық танытсақ, кез-келген қиындықты еңсереріміз анық. Індетпен күресте  ынтымағымыз бен бірлігімізді жоғалтпайық.
 
     Қайрат Майшев,
      «Жас-Қанат 2006» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓