Қостанай облысы әкімінің облыс тұрғындарына үндеуі

     Құрметті қостанайлықтар!
 
     Бүгін біз әлемнің көптеген елдерінің коронавирустық инфекцияның таралу салдарын тартып отырғанын көріп отырмыз. Біздің алдымызда осынау қиын кезеңде Қазақстандағы қолайлы жағдайды сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдалану міндеті тұр. Әр адамның өміріндегі ең басты құндылық – денсаулықты сақтау ең бірінші міндетіміз.
     Біздің мемлекетіміз инфекциямен күреске, жұмыс орындарын сақтауға және бизнесті қолдауға бағытталған кешенді шаралар қабылдады.  Коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимылдың табысы жүзеге асырылуы және ұлттың денсаулығының сақталуы барлығымызға байланысты. 
     Аймақ басшысы ретінде,  сізден  індетті жұқтыру қаупін төмендетуге көмектесетін ережелерді қатаң сақтауыңызды өтінемін. Бірінші кезекте бұл жеке гигиена: қолды жуып, үй-жайларды дезинфекциялаңыз, адамдармен кездескенде кемінде 2 метр ара-қашықтықты сақтап, қол алысып амандасудан бас тартыңыз.
     Мен, сіздерді қоғамдық орындарға барудан бас тартуға, отбасылық мерекелерді ауыстыруға немесе оларды тек аз адамдармен өткізуге шақырамын. Ұдайы үйде болып, тұрғылықты жеріңізден себепсіз шықпағаныңыз дұрыс.
     Өкінішке орай, біз кейбір жеке кәсіпкерлердің шектеу шараларына мән бермеуінің куәсі болдық. Елімізде енгізілген шектеулерге немқұрайлы қарап, Қостанайда 22.00 сағаттан кейін де келушілерге қызмет көрсеткен бірнеше дәмхана назарға ілікті.
 
     Құрметті кәсіпкерлер!
    Төтенше жағдай кезінде Сізге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жұмыс орындарының қысқаруына және қызметкерлерге жалақы төлеудің кідіруіне жол бермеу маңызды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезеңінде салынған барлық шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету міндетті.
 
    Құрметті жерлестер!
    Біздің еліміз өзінің сан ғасырлық тарихында көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Осынау қиындықтарды бірлесе, күш біріктіре еңсере білді.
    Қиын жағдайды ескерген Елбасымыз Қазақстан халқына үндеу жариялап, Тұңғыш Президент қорынан коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру үшін 200 миллион теңге бөлінетінін  мәлімдеді.
    Біз, мемлекеттік қызметшілер де халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету үшін өзіміздің  бір күндік жалақымызды аудардық.
   Игілікті бастамаға  бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар да үн қосуда.  Мысалы, "Nur Otan" партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында акция ұйымдастырды.  Сонымен қатар, біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне төленетін төлем сомасын 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадық.
   Бүгінде Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету және тұрақты жағдайды сақтау мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасауда. Медицина қызметкерлерін қолдау үшін 241 млн теңге бөлінді.
    Құрметті қостанайлықтар, мен сіздердің барлықтарыңызды жеке жауапкершілік танытуға, бір-біріңізге қол ұшын беріп, сабырлық сақтауға  шақырамын. Елбасы атап өткендей, әрбір азамат ортақ іске өз үлесін қоса алады. Біздің облыста волонтерлердің медициналық ұйымдарды қолдап, қарт адамдарға дәрі-дәрмек тасымалдауды қолға алуы осының жарқын көрінісі.
    Соңғы уақытта жалған ақпарат жиі таралуда, Сіздерден қауесетке сенбей, ресми мәліметтерге жүгінулеріңізді сұраймын. Ол үшін облыста Telegram әлеуметтік желісінде ақпараттық чат құрылды, онда аймақтағы жағдай туралы нақты ақпарат орналастырылады.
 
    Қадірлі жерлестер!
    Халқымызда «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген қанатты сөз бар. Баршаңызды осы бір сындарлы сәтте «бір жағадан бас, бір жеңнен   қол   шығарып», ынтымақпен еңбек  етуге шақырамын. Бәріміз бірге болғанда ғана, қиындықты бірге еңсеріп, берекеге, табысқа, ырысқа қол жеткізетін боламыз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, еңселеріңіз тік болсын.
 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Сабирбек:

    Дұрыс айтасыз Қостанай облысы бұл бәледен дін аман 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓