Аудан басшылығынан алғыс

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін дәріханаларда медициналық маскалар тапшылығы сезілуде. Бұл жағдай облыстың оңтүстік аудандарын да айналып өткен жоқ. Осы орайда Амангелді ауданының тұрғындары медициналық бетперде тігіп, халыққа  таратуда. Аудан әкімі Әмірхан Асановтың ұсынысымен, жергілікті тігіншілікпен айналысатын кәсіпкерлер бетперде тігуді қолға алды.  Қазір ауданда 17 адам осындай медициналық бетперде тігумен айналысуда. Олардың арасында грант ұтып алған кәсіпкерлер де бар. Тігіншілер қазір 2000-ға жуық масқа дайындады. Жалпы бір күнде 1000-1500 бетперде дайындауға қауқарлы. Мәселен, Амангелді ауылының тұрғыны Жаңагүл Хамзина екі күн ішінде 210, Данаш Сұлтанова 187 бетперде тіккен. Кей бетперделердің бағасы 100 теңгеден сатылуда. Көп балалы отбасыларға тегін беріледі. 

 

 
90442386_1066913583675190_536651847193067520_o

Гүлім Ғиуазқызы басқаратын «Қаламқас» балабақшасы ұжымы тігіншілері де бетперде тігіп, халыққа ұсынып жатыр. Бұл іске мәдениет саласының өкілдері де атсалысуда. Үрпек ауылдық округіне қарасты Қосжан елді мекенінің кітапханашысы Бижамал Әубәкірова 80 данадан астам медициналық маска тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты. Амантоғай, Ағаштыкөл, Байғабыл, Қарасу ауылдары да бастамаға қолдау білдірді. «Елдегі төтенше жағдай кезінде бос отырмай, қолымыздан келген көмегімізді аямауға тырысып жатырмыз. Көп өңірде медициналық бетперделер жетпей жатыр. Осы уақытта сәл де болса, үлес қоссақ дейміз. Бұл жұмыстарды жалғастыра береміз», — дейді әуесқой тігіншілер.  
Қысылтаяң шақта тұрғындарға жәрдем тигізген тұрғындарға Амангелді ауданының әкімдігі алғысын білдірді. 
Айта кетейік, ауданда арнайы құрылған комиссия мүшелері адам көп шоғырланатын орындарды бақылауға алған. Төтенше жағдайға байланысты кезекшілік ұйымдастырылып, сақтық шараларына айрықша назар аударылуда. Көшеде студент жастар мен оқушылардың бос жүрмеуі бақылауға алынған. Аудан әкімдігі, пошта, ХҚКО бөлімшелері, сауда орындары антисептикалық заттармен толық қамтылды.

 

 
90527786_1066913563675192_7275763634096046080_o
 
90502218_1066913560341859_8020210929692049408_o

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓