Президент халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Бейнеүндеу барлық телеарнаның эфирінен таратылды.gEaHjcGP
Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты ел аумағында 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізген еді. Осыған байланысты, қазақстандықтарды коронавирустың алдын алу шараларын мұқият орындауға шақырды .
«Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлар, көрмелер мен халық көп баратын басқа орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың бәрі де азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар», — деді президент үндеуінде.
Сондай-ақ, Президент халықты індеттің алдын алу шараларын мұқият орындауға шақырды. Мұнымен қоса, күнделікті тұтыныстағы тауар бағасының негізсіз қымбаттауына жол берілмейтінін, жалған ақпарат таратқан азаматтардың заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтты.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓