Жалған ақпаратқа жауаптысыз!

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Тобыл қаласындағы аурухананың жабылуы туралы ақпаратты теріске шығарды. Әлеуметтік желілерде Тобыл қаласындағы орталық аурухананың коронавирусқа байланысты уақытша жабылғаны туралы бейнежазба тараған. Алайда ресми орган мұны жоққа шығарды.

уа

– Біздің облыста коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Орталық аурухана жоспарлы түрде жұмыс істеп тұр. Тексеру нәтижесінде бұл Қостанай өңірінің ауруханасы емес екені анықталды. Тобыл қаласы орталық ауруханасының бас дәрігері Сырлыбек Мещанов жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін полицияға жүгінді. Жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша жауап береді, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша облыстық полиция департаменті зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓