Мақсат – білікті маман даярлау

Қазіргі таңдағы стратегиялық міндеттердің бірі – еңбек нарығындағы сұраныстарға сай келетін мамандарды даярлау мәселесін шешу. 2017-2021 жылдарға шақталып құрылған "Еңбек" бағдарламасы – аталмыш мәселеден шығар жол нұсқайтын тетіктердің бірі. Ал осы тетікті облыстық Білім басқармасы қаншалықты тиімді пайдаланып жатыр? Бұл тұрғысында басқарма басшысы мәслихат сессиясында баяндап берді.IMG_4167
Негізінде, Білім басқармасы аталмыш бағдарламаның 1 және 4-ші бағыттарына жауапты. Нақтылай айтқанда, 1-бағыт – бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен қамту. Ал 4-бағыттың көздейтіні – "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешендік шараларын іске асыру, "Жас маман" жобасы аясында білікті кадрлар дайындау.IMG_4126
"Соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2,7 млрд теңге жұмсалса, тек 2020 жылы бұл мақсатқа 2,2 млрд теңге бөлінді, — деді басқарма басшысы Василий Цымбалюк. — Бұл бағытты жүзеге асыруға өңірдегі 35 колледж қатыстырылып отыр. Жалпы, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 2 763 студен оқып жатыр. Оның ішінде, әр екіншісі – тұрмысы төмен отбасылардан. Олардың оқу ақысын мемлекет төлейді, бір реттік ыстық тамақпен, шәкіртақымен және демалыс кезеңіндегі жолақымен қамту қарастырылған".IMG_4163
Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта топтағы мамандарды даярлау қолға алынған. Осы жылы 125 адам 5 мамандық бойынша білі алуда. Былтыр алғашқы 21 студен оқуын аяқтап шығып, олардың 18-і жұмысқа тұрған. Биылғы оқу жылы 950 студент қабылданды.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓