Қытайдан – карантинге

Қытайдан келген Рудный қаласының тұрғыны Тобыл қаласындағы карантинге жатқызылды. Ақпаратты облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.
– Рудный қаласының тұрғыны ҚХР Шанхай қаласынан ұшып келді. Біздің мамандар тиісті шараларды жасады. Азаматтан коронавирус белгілері табылмады. Дегенмен, ол үшінші топтағы елдерден келген соң карантинге жатқыздық, — деді департаменттің баспасөз хатшысы Сәуле Манасқызы.
1babdcb445e49595fb3d7629b2dcfe9b
Бұған дейін Қазақстанда коронавирустан қорғану туралы арнайы қаулы қабылданғанын хабарлаған болатынбыз. Қаулыға сәйкес, 6 ақпаннан бастап Қытай жерінде болған азаматтар міндетті түрде 14 күн стационарға карантинге жатқызылаады. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓