Футбол маусымы ашық

Өткен сенбіде Қазақстанның футбол маусымы басталды. Жылдың алғашқы ресми матчында былтырғы ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогі иегері «Қайсар» Қостанайда Қазақстан суперкубогін сарапқа салды. Кездесу «Тобыл Аренада» өтті. Михал Билектің шәкірттері «Қайсар» командасын 1:0 есебімен жеңіп кетті. Ойындағы жалғыз голды матчтың 40-минутында кипрлік шабуылшы Пьерос Сотириу соқты. Осылайша, «Астана» үшінші жыл қатарынан Суперкубок финалында ешкімге дес бермеді.  
dEcwpOGiGos
Бәсеке басталмас бұрын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен комитет отырысына қатысты. Жиында Қазақстан футболын дамыту, соның ішінде ел құрамасының, бұқаралық футболдың, төрешіліктің дамуы жайлы мәселелер қаралды. Кейін Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіби футбол лигасының өкілдері жолдастық кездесуге шықты. Ойын ҚФФ командасының пайдасына 6: 3 есебімен аяқталды.
Архимед Бегежанұлы «Инстаграм» парақшасында «Тобыл» футбол клубына жаңа командалық автобустың кілтін тапсырғанын жазды. Көлікті «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны ұсынған.
«Тобыл» маңында тағы бір жаңалық. 2013 жылы Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы 38 жастағы атақты қазақстандық футболшы, үш мәрте чемпионы және ел Кубогының екі мәрте иегері Серік Жейлітбаевты еске алуға жүлде тағайындады. Бұл марапат Қазақстан чемпионатында ең көп ойын ойнаған ойыншыларға беріледі. Бұған дейін Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин және Мақсат Байжанов сияқты танымал футболшылар құрмет сыйлығының лауреаттары атанды.
2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша жүлде алуға еліміздің бас құрамасының жартылай қорғаушысы және Қазақстан чемпионаттарында 416 матч өткізген қостанайлық "Тобылдың" капитаны Азат Нұрғалиев лайық деп танылды.
Азат Нұрғалиевті Серік Жейлітбаев атындағы жүлдемен Қазақстан кәсіби футбол лигасының президенті Олжас Абраев марапаттады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓