Театрда студия ашылды

Бүгін театр үшін ерекше күн болды. Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақовтың қатысуымен жаңа репетициялық залдың ашылу салтанаты өтті. Театр әртістері ризашылықтарын білдіріп, жаңа сахнада Абайдың әндерінен попури орындады. Сонымен қатар, театр директоры Ә.Мырзахан он қызметкерге рация табыстады.театр 1
«Бүгін Ілекеңнің атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында болашақта студия ашу мақсатында лабораториялық залдың ашылу салтанаты өтті. Бұл студияның мақсаты – актёр болғысы келетін жастарға жол көрсету, оқытып, қатарымызға қосу. Сондықтанда талантты жастарды қабылдауға дайынбыз. Ұжымның ауызбіршілігінің арқасында талай жетістікке жетумізге сенеміміз мол. Еске салып өтсек, биыл Қостанай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен қарашаңырағымыздың 20 жылдық мерейтойына дайындықты бастап кеттік», — деп, театрдың жаңа басшысы Ә.Мырзахан өзінің "Инстаграм" желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті .театр 2
Тағы бір жағымды жаңалық – наурыз айының 12-13-і күні С.Беккет "Годоны күте күте" атты қойылымның премьерасы болады. Қоюшы режиссёрі – Мекан Джумабаев (Түркіменстан). Аталмыш кешке театрдың тілекші қонақтары, елордамыздағы Қалеки театрының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, Алматыдан театр және кино актерлары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері – Азамат Сатыбалды, Берік Айтжан және Ақтөбедегі Т.Ахтанов театрының басшысы, жетекшісі Олжас Қанатұлы келеді деп күтілуде.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓