Беларустан бас жүлде!

Рудныйлық «Түйе балуан» Талғат Жиентаев Минскіде өткен халықаралық самбо турнирінде топ жарды. Беларус Президентінің жүлдесі сарапқа салынған бәсекеге 30 елдің спортшылары қатысты.86720948_542619079939993_6387248815971237888_o
–Ол жақта қазақстандық делегацияны өте жақсы қонақжайлылықпен қарсы алды. Жарыс адал, тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Мен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алдымен украин және румын балуанының жауырынын жерге тигіздім. Ақтық жекпе-жекте өзбек атлетінен айламды асырдым. Қазақ елінің әнұраны шырқалғанда ғана есімді жиып, қуанышымда шек болмады, –дейді ол.
Талғат «ССКӨБ» АҚ «Соколов» шахтасының жұмыскері. Ол кәсіпорын басшылығының қолдауының арқасында бұған дейін де талай жүлдені жеңіп алған.
– Бұл турнирдің мен үшін маңызы зор. Өйткені, 19 наурызда Мәскеуде өтетін Әлем кубогына жолдама алдым. Енді жерлестерімнің үмітін ақтау үшін барым саламын, – дейді Талғат.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓