«Абай» – Ахаң ордасында

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы «Шаңырақ» жастар театры «Абай» спектаклін сахналады. Қойылым ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналды. IMG_0669
IMG_0572IMG_0594IMG_0589Қойылымның қоюшы режиссері әрі «Шаңырақ» жастар театрының жетекшісі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Айсауле Әбдешқызы Есенбекованың айтуынша, спектакльді дайындауға үш ай уақыт жұмсалған.
— Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Осыған орай «Абай» спектаклін қоюды жөн көрдік. Дайындық қазан айында басталып, желтоқсанда спектакль толық дайын болды. Алайда, студенттердің демалыс уақыты келіп қалып, шегере тұруға тура келді. Кейін студенттер демалыстан келген соң қорытынды дайындық жұмыстарын жүргізіп, қойылымды ақпан айына белгіледік. Спектакльді студенттер сахналағандықтан, шығарманы жастарға барынша икемдеуге тырыстым. Сондай-ақ, қойылымның тағы бір өзегі – қазақ халқы жік-жікке бөлінбей, біріміздің етегімізден біріміз тартпай тату-тәтті ғұмыр кешсін деген мағынаны жеткізу болды. Ұлы ақынның ойлары бүгін де өзекті және болашақта да маңыздылығын жоғалтпайды, — дейді «Шаңырақ» жастар театрының қоюшы-режиссері.
Абайдың рөлін ІІ курс студенті Жәнібек Сұлтанбек сомдады. Ал Ажардың рөлі І курс студенті Қарлығаш Сапарбекке бұйырды. Басты кейіпкерді сомдаушының айтуынша, Абай рөліне дайындық барысында барынша ізденіп, М.Әуезов театрында қойылған «Абай» спектаклінде Абай рөлін сомдаған белгілі актер Азамат Сатыбалдыдан барынша тәлім алуға тырысқан.IMG_0620
IMG_0596IMG_0700Жас әртістер ұлы Абай мен оның шәкірттерінің өмірінен алынған көріністерді сахналап, жиналған қауымды XIX ғасырдың атмосферасына енгізді. 
       –Қойылым барысында мен өзімді оқу орнында емес, құдды бір театрда қойылым тамашалап отырғандай сезіндім. Тіпті, студенттердің сахналап жатқаны да бір сәт естен шығып кетті. Себебі, біздің студенттер өз рөлдерін кәсіби әртістер тәрізді сомдай білді. Шығармашылық ұжымға, Айсауле Әбдешқызына рахметімді айтып, толағай табыстар тілеймін. Алдағы уақытта театрға барынша  қолдау көрсетуге тырысамыз, — деді ҚМУ ректоры Алма Дощанова.IMG_0645
Шара соңында білгілі ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет пен профессор Қалқаман Жақып сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.
–Әрқайсысын бөліп-жаратыны жоқ, бәрі де өздеріне берілген рөлді сәтті алып шықты. Бұл білім ошағындағы Абай ілімін одан әрі дамытудағы кезекті бір кезең деп білемін, — деді Ақылбек Шаяхмет.
Көрермендердің көңілінен шыққан кеш Абай Құнанбайұлының өсиет сөздерімен аяқталды.
Айта кету керек, университет жыл бойы Абай мерейтойына арналған түрлі шара өткізетін болады. Бұл шаралар жастардың білім деңгейін көтеруге, рухани байытуға, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.
 
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓