Салық салмағы жеңілдеді

Қостанай облысында салық рақымшылығы аясында кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың жалпы сомасы 2 638,3 млн теңге болатын өсімпұлдары мен айыппұлдары алынып тасталды. Бұл ҚР Президентінің тапсырмасымен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асты.Без названия (2)Нақтылай айтқанда, өңірдегі шағын және орта бизнес нысандарының 1075,4 млн теңге қосымша борышы кешірілген. Рақымшылықты Қостанай (1434), Рудный (170), Арқалық (110) қалалары және Қостанай (204), Жітіқара (124), Әулиекөл (106) аудандарының кәсіпкерлері анағұрлым көбірек қолданған. 
Айта кету керек, 2019 жылдың басында Қостанай облысынан 2800 кәсіпкер салық рақымшылығына іліккені мәлім болса, бұл мүмкіндікті 2567 шағын және орта бизнес субъектісі тиімді пайдаланған.
Мұның сыртында, 323 жеке тұлғаның салық жүктемесі жеңілдеп, жалпы көлемі 362,1 млн теңге өсімпұл және 41,9 млн теңге айыпұл кешірілген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓