Қаржыландыру 63,3 млрд теңгеге артты

2019 жылы облысқа 265 дәрігер келді. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген 82 маманға 123,0 млн теңге көтермеақы ретінде немесе келгендердің әрқайсысына 1,5 млн теңгеден төленді. Көтермеақы төлеумен қатар дәрігер кадрларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы А.Мұхамбетов есеп беру жиынында айтты.WhatsApp Image 2020-02-17 at 15.28.44
"2019 жылдың шілдесінде Қостанай облысының әкімдігі Республика бойынша бірінші болып «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-мен Қостанай облысының 350 медицина қызметкері үшін 3 жыл бойы жалға берілетін тұрғын үйді сату туралы келісім жасады. Ағымдағы жылы Қостанай қаласында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ арқылы  54 пәтер ұсыну бойынша жұмыс басталды. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері келген 146 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етті. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері кеңінен қолданылады. Ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде 8 837,5 мың теңгеге 35 медициналық қызметкер 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алды", — деді облыс әкімі.
2019 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 15% өсіммен 52,9 млрд. теңге бөлінген. Облыстық бюджет есебінен 75 млн теңгеге 2 обьектіге күрделі жөндеу ден өткен. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде 2019 жылы 5 денсаулық сақтау объектілеріне – Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл, Федоров, Әулиекөл аудандық ауруханаларына 489 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2,2 млрд теңгеге рентген аппараттары, эндовидео хирургиялық және реанимациялық жабдықтар, стерилизаторлар, сондай-ақ диагностикалық және басқа да медициналық жабдықтар, сондай-ақ, аудандық ауруханалар үшін 47 млн теңгеге 7 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынған.
"Денсаулық сақтау объектілерін цифрландыру шеңберінде медициналық ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, қамту 100% құрады. Барлық 490 денсаулық сақтау ұйымдарының интернетке қолжетімділігі бар, компьютерлік техникамен жабдықталуы да 100%-ті құрайды. 2020 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 20%-ке өсіп, 63,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде медициналық жабдықтарды сатып алуға 2,2 млрд теңге қарастырылып отыр", — деді А.Мұхамбетов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓