Тұрғын үй құрылысы қарқынды

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиыны барысында аймақтағы тұрғын үй құрылысы туралы баяндады. 200120214103273a3605547i
Аймақ басшысының айтуынша, есепті жылы 12,1% өсіммен 335,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
"Ағымдағы жылы біз өз алдымызға 10%-тік өсімді қамтамасыз ету міндетін қойдық. 5 жалға берілетін тұрғын үйлер пайдалануға берілді, олардың 2-і –Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында және Қобыланды батыр көшесі бойында; Амангелді ауданында, Арқалық және Рудный қалаларында бір-бірден. Сонымен қатар, 2019 жылы тағы да Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында 4 жалға берілетін үйдің құрылысы басталды.Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы 1 286 пәтерлік 16 кредиттік тұрғын үй салынды: 9-ы –  «Юбилейный» шағын ауданында және 7-ы –   «Әуежай» шағын ауданында. Сонымен қатар, Қостанай ауданы Заречный ауылының «Северный» шағын ауданында жалпы ауданы 15,9 мың шаршы метр 143 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды", — деді аймақ басшысы.
Қонай шағын ауданында 5 қабатты 30 үйдің құрамдастырылған құрылысы жоспарлануда, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына 2 мыңнан астам жер учаскелері берілетін болады.
Тұрғын үйдің жаппай құрылысы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалына соңғы 3 жылда депозиттік қоржынды 1,7 есе (20,9 млрд.теңгеден 36,0 млрд. теңгеге дейін), кредиттік қоржынды 2 есе (17,2 млрд. теңгеден 34,9 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өту қажет. 749 пәтер сатылды, бұл республика бойынша 4-ші орын. 3 жыл ішінде жалпы ауданы 228,4 мың м2 (3 201 пәтер) 43 кредиттік тұрғын үйдің құрылысына 20,7 млрд теңге сомасына облигациялық заемдар шығарылды, осы көрсеткіш бойынша облыс көшбасшылардың үштігіне кіреді.
"Мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беруге келер болсақ, 2019 жылы 422 пәтер берілді, оның ішінде 279 –  көпбалалы отбасыларға, 53 –  жетім балаларға, 100 – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына,  бюджет қызметкерлеріне және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Арқалық қаласында 112 пәтерлік тұрғын үйді қайта жаңғырту бойынша 1 жоба іске асырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру 618 жас отбасына өз пәтерлеріне қоныстануға мүмкіндік берді. Олардың ішінде 101 – көпбалалы отбасы, 65 – педагог, 146 –дәрігер", — деп толықтырды А.Мұхамбетов.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓