Дінді ұстай алсаң, қасиетің

Халық арасында «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, егер дінді ұстай алмасаң – қасіретің» деп бекер айтылмаса керек. Осыған орай, мектебіміздің жоғары сынып оқушылары «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев пен әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтай Сардарбековпен кездесті.11
«Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» атты дөңгелек үстелдің мақсаты – діни сауатсыздықтың мәні мен мазмұнын, оның зиянын, діни экстремизмнің бастауына алып келетіндігін, одан қандай әрекет арқылы құтылудың жолдарын, ерекшеліктерін және  маңыздылығын түсіндіру.
Шара басында жастар арасындағы «Менің өмірім» атты психологиялық сауалнаманың қорытындысы шығарылып ,«Діни сауатсыздық деген не?» тақырыптағы оқушылар бейнежазбасы көрсетілді. Мектеп директоры Гүлжазира Смағұлова дін мен қоғам, діни сауаттылық пен сауатсыздық арасында байланыс туралы жаңа мәліметтер берді.
Тақырып барысында қонақтар оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Жаңа имам Бектұрсын Торғайбекұлы дін туралы мәліметтерді ғаламтор желісінен емес, мешіт қызметкерлерінен алған дұрыс екендігін айтты. Өйткені қазір сайт пен әлеуметтік парақшалар өте көп. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыстығын ажырату мүмкін емес.22
Ақтай Жауынбайұлы мемлекетіміз зайырлы екендігін айта келе, дін ұстанымында аса сауаттылықпен қарау қажеттігін жеткізіп, қаламыздағы діни ахуал туралы нақты мәліметтер берді. Оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандыққа, діни сауаттылыққа, төзімділікке, имандылық пен адамершілікке тәрбиелеуде осындай іс-шаралардың маңызы зор.
 
Ғали Саналиев,
№19 орта мектебіның
зайырлылық және дінтану пәнінің мұғалімі
Рудный қаласы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓