Үнемді, ықшам, сапалы

Енді еліміздің азаматтарына әділет органдары саласы бойынша бірқатар мемлекеттік қызметті алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және тіркеуші органдарға барудың қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі өзінің ресми сайтында хабарлама жасады. WhatsApp Image 2020-02-14 at 14.39.16Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлерінің автоматтандырылуына байланысты, азаматтарға  асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы екі куәліктің орнына баланың жеке және ата-анасы туралы мәліметтері көрсетілген туу туралы куәлік қана береді. Сондай-ақ, некені бұзу туралы сот шешімін тіркеу үшін АХАТ-қа барудың қажеті болмайды. Некені бұзғаннан кейін соттан мәліметтер әділет органдарының базаларына автоматты түрде түседі. 
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттарды тіркеуші органға  ұсыну қажеттілігі де алынып тасталды.
Мысалы, бұрын бала өмірге келсе, АХАТ органдарына тиісті медициналық куәліктер немесе заңды туу фактісі туралы сот шешімін ұсыну қажет болатын. Енді бұл құжаттарды әкелудің қажеті жоқ. Бұл деректер басқа мемлекеттік органдардың жүйелерінен алынады.
Сондай-ақ, халыққа барынша ыңғайлы болу үшін барлық АХАТ бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Тууды туған жеріне немесе ата-анасының тіркелуіне қарамастан кез келген АХАТ органында, тіркеуге болады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету процесін сандық форматқа көшіруге және азаматтардың уақыт пен қаражат шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓