Кімнің «кітабы» дәмді?

Назарбаев Зияткерлік мектебінде осы жылдың атаулы мерейтойлары қарсаңында оқушылар арасында «Edible book» фестивалі өтті. Фестивальге тек 7-сынып оқушыларынан құралған 10 команда қатысып, әр сынып атаулы күндер мен түрлі кітап желісі бойынша тәтті бәліштер дайындады. Екінші жыл қатарынан өткізілген фестивальдің басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу. Сонымен қатар, Ұлы тұлғалардың жас ұрпаққа мұра етіп қалдырып кеткен шығармаларымен жақынырақ таныстыру.IMG_9065
Бір сынып Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Тәтті кітап» дайындаса, енді бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын өз жұмыстарында көрсете білді. Сонымен қатар, Б.Момышұлының 110 жылдығы, Ш.Уәлихановтың 185 жылдығы мен Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойлары да оқушылардың еңбектеріне арқау болды. Оған қоса, әр сынып «Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап жобасы» бойынша сүйіп оқитын шығармаларының желісімен де бәліштер даярлады. Фестивальдің сәнін одан сайын келтірген «Тұмар» би тобы кітаптармен флешмоб биледі. Көрермендер үшін де «Графикалық көңіл-күй» викторинасы ұйымдастырылып, әр сұраққа жауап берген қонақтар тәтті сыйлықтарға ие болды.IMG_9067
"Бүгін еліміздің басты мерекелердің бірі – Абай атамыздың 175 жылдығына орай осындай фестиваль өткізілуде. Қазылар алқасы оқушылардың біліміне, бәлішң безендірілуіне, оның таныстырылымы мен дәміне мән берді. Әділ қазылар шешімі бойынша, 7 «В» сынып оқушылары дайындаған Шекспирдің «Ромео-Джульетта» кітабының мұқабасы бейнеленген бәліш үздік деп танылып, фестиваль жеңімпазы атанды. Ал қалған қатысушы сыныптар әр түрлі номинациялармен марапатталды", — деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашысы Айжан Сұлтанқызы.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓