Саңлақтар сапқа қосылды

Қостанайда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Бұған дейін газет сайтында хабарлағанымыздай, «Қостанай» спорттық-ойын-сауық кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Күні кеше жекелей сайыстар басталып, бүгін командалық бәсеке аяқталды. Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 695 дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған дүбірлі додада 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.      IMG_9570
IMG_9577– Дзюдо спорты елімізде кең өріс алып келеді. Қостанай облысы егемендік алған жылдардан бері Қазақстан Республикасының чемпионатын тұңғыш рет өткізіп жатыр. Бұған өңірде салынып жатқан спорт инфрақұрылымдары себеп. Осындай ауқымды дәржедегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар. Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан спортшы келді. Чемпионатты жоғары деңгейде өткізу үшін қажетті жағдай жасалды. Ендігі кезекте қатысушылар спорттық жекпе-жектерде өз мүмкіндіктерін толықтай көрсетеді деп сенемін,- деді облыс әкімі қатысушыларды құттықтап.
Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевқа Қазақстан Республикасы Дзюдо федерациясының құрмет грамотасы тапсырылды.IMG_9933
IMG_9785
IMG_9680IMG_0140IMG_0010IMG_0258Чемпионат нәтижесі бойынша 2020 жылы халықаралық додадаларда ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады. Жалпы командалық есепте медаль саны бойынша Жамбыл облысының құрамасы көш бастады. Жамбылдық балуандар 4 алтын, 2 қола медальға ие болды. Ал екінші орынды 3 алтын, 2 күміс және 3 қоланы иеленген Алматы облысының балуандары жеңіп алды. Қоржынында 3 «алтын», 1 «күміс» және 1 «қола» жүлдесі бар Қостанай облысы үздік үштікті қорытындылады. Бапкерлер мен спорт мамандары жасөспірім ұл-қыздар арасындағы үздік спортшыларды анықтады. Қостанайлық Жансая Ерқуанышова қыздар арасында үздік танылса, Алматы облысының дзюдошысы Алмат Серікбаев ұлдар арасындағы үздік спортшы атағына ие болды. Жансая – Рудный қаласының спортшысы. «Горняк» спорт клубында жаттығады. Бапкері – Бейбарыс Шеденов.IMG_0461
– 44 келіде күрестім. 4 белдесудің барлығын жеңдім. Финалда қызылордалық спортшыны ұттым. Ел чемпионатына бірінші рет қатысып тұрмасам да, мен үшін татамиге шыққан әр сәтім маңызды. Бапкер тапсырмасына ұқыпты қарау қажет. Осы жолы да солай болды, – дейді қостанайлық чемпион.IMG_0477
 
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓