Жұмбақ қорап жұртты тіксіндірді

Жергілікті полиция бөлімінің жанында белгісіз медициналық құралдар табылды. Оны жергілікті ПБ маңына қалдырып кеткен. Полицейлердің тапқан «олжасы» туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таратылды.image40492770_edc407e9bdf723d71e47aef80e2956f5
Бізге мәлім болғандай, кеше Қостанайға жақын орналасқан Тобыл қаласында, жергілікті АІІБ-нің жанында күдікті жәшік табылды. Көшелер жабылып, полиция нарядтары маңайды түгел қоршады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері шақыртылды. Кейін белгілі болғандай, жәшік  диализ орталығының қалдықтары боп шықты. Бұл жергілікті тұрғындардың ақ халаттылардың салғырттығына наразылығын тудырды. Өйткені, аталған медициналық қалдықтар  әртүрлі  жұқпалы аурулар таратуы мүмкін. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі  бұл фактіні  растап отыр.image40492770_8b062c08e0781f53976a1c729643cd4f
-5 ақпан күні кешкі  сағат 17-лер шамасында өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Тобыл қаласы полиция бөлімінің жанынан өтіп бара жатып, автокөлік тұрағында скотчпен оралған қорапты көреді. Бұл туралы ол дереу «102» телефонына хабарлайды. Полиция күдікке ілінген жерді қоршап, СЭС өкілдерін шақыртқан. Олар  барлық сақтық шараларын сақтай отырып қорапты ашып, ішінде не жатқанын тексерді. Қорапта қолданылған 20 дана медициналық система (капельницалар)  табылды. СЭС өкілдері қорапты жою үшін тәркілеп алды. Ал полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оны кім әкеп тастағанын анықтамақ. Қорапта ешқандай қауіпті заттар болған жоқ, — деп хабарлайды облыстық ДП баспасөз қызметі.image40492770_cb444b742df6dab3916b00c39b1ab885
ДП баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, системалардың таңбалау нөмірі бойынша оларды анықтау аса қиынға соға қоймайды. Әзірге, медициналық қалдықтықтардың қоршаған ортаға қаншалықты  қауіпті екені  белгісіз. Белгілісі, Тобыл қаласының аумағында түбіркүлезге қарсы аурухана бар екенін атап өткен жөн.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓