МӘМС: мәртебеңіз қандай?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңізді бір минут ішінде тексеруге болады. Ол үшін телефон немесе компьютер болса жеткілікті.imagesМәртебені тексерудің ең жылдам 3 жолы бар. Әуелі, fms.kz сайтына кіріп, «Мәртебені анықтау» плагинін басып, ЖСН енгізу қажет. Екінші әдіс: Telegram қосымшасында SaqtandyryBot-чатын табыңыз. «Start»-ты басып, тіл таңдаңыз. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» қосымша парағына ЖСН енгізу қажет. 
Сонымен қатар WhatsApp мессенджерінде 87001031406 нөмірі бойынша нұсқаулық бар. 
Министрлік мәліметінше, 31 наурызға дейін елдің барлық тұрғыны «шартты түрде сақтандырылған» болып саналады. Бұл уақыт азаматтардың барлығына өз мәртебесін анықтау үшін тұрақты жарналар жасай бастау үшін беріледі. Себебі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап медициналық сақтандыруға кіретін қызметтерді, соның ішінде, қымбат тұратын зерттеулер, операцияларды тегін алуға тек сақтандырылған, дәлірек айтар болсақ, тұрақты жарналарды өздері жасайтын, жалақыдан жарналар ұсталатын және жеңілдік категорияларына кіретін және мемлекет сақтандырған азаматтар ғана құқылы болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓