Жыл қорытындысы: А.Мұхамбетов үздік үштікте

"Медиалық технология орталығы" сараптама қызметі 2019 жылдың қортыныдысы бойынша әкімдер рейтингін шығарды. Сараптамашылар Toppress.kz редакциясымен бірлесіп, облыс және қала басшыларының тізімнен лайықты орын алуына ықпал еткен негізгі факторларды оқырман назарына ұсынады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жыл рейтингінде үздік үштіктің қатарынан көрінді.архимед
Рейтниг түзушілер мәліметінше, Мұхамбетовтың басқарушы ретіндегі еңбегі жоспарлы түрде өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын, жұмыс орындарын ашу, ұлттық және шетелдік инвестицияларды тарту бағытында бағаланып отыр. Өткен жылдың жазында Қостанай облысының әкімдігі КамАЗ компаниясының ресейлік тобымен келісімге қол қойды, оның аясында өңірде арнайы техника, көпір және шойын құю өндірісі бойынша зауыт құру жоспарлануда. Кейінірек, 2019 жылдың күзінде Қостанайда Петербург трактор зауытымен бірге шығарылатын "Кировец" энергияға қаныққан тракторын өндіретін зауыт ашылды.
"Сонымен қатар, облыста жыл сайын 110 мың бас ірі және 132 мың бас ұсақ мал өңдеу қуаттылығымен қазіргі заманғы ірі ет комбинатын салу басталды. Сондай-ақ, шошқа фермасын салу үшін Франциядан инвестиция тартылды. Бұдан бөлек, өңірде 3 мың жанкүйерге арналған футбол манежі, iKomek орталығы және 500 жұмыс орнымен қамтыған жаңа гипермаркет  ашылды. Мұхамбетовтің рейтингте тұрақтылық сақтауы таңдандырады: Былтыр жыл бойы көшбасшылардың бестігінен шықпай, екінші және төртінші орын арасында тепе-теңдікті сақтап қалды. Өңірдің шалғай ауылдарын газдандыру, "қарапайым заттар экономикасын" дамыту жоспарын орындау жөнінен өңірдің пассивтілігі, Рудный қаласындағы көшелерді тазалаудағы алдамшылық әрекеттерге байланысты муниципалдық қызметпен болған шиеленіс беделге аздаған нұқсан келтірді", — делінеді сараптамалық материалда.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓