Мұрасы – мұражай төрінде

Қазақ музыка өнеріне бөлекше бітім, зор сілкініс әкелген жерлесіміз Қайрат Нұрғазиннің есімі айрықша. Соңында жүзге жуық ән қалдырған белгілі сазгер, дара дауыс иесі 2017 жылдың аяғында дүние салды. Киелі өнердің мұзбалағы «Қыздарға әсемдік жарасады» деп басталатын «Арман жырым – аруларым» әнімен-ақ сонау тоқсаныншы жылдардың басында әр қазақтың жүрегін жаулап алды. Бұл шығарма республикалық «Үкілі үміт» ән байқауында бас жүлдені жеңіп алып, жас сазгердің қанатына күш берді. Жамбыл (Тараз) қаласында өткен Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурста, Мәскеудің 850 жылдығына орай өткізілген халықаралық өнер фестиваліне қатысып, аймағымыздың абыройын қорғады. Облыстық Меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының алғашқы иегері.
нургазин
Тобыл-Торғай ақындарының барлығына дерлік, одан қалды Қ.Мырза-Әлі, Т.Молдағалиев, И.Сапарбай қатарлы шайырлардың сөздеріне жазылған әндері әрдайым халықтың ыстық қошеметіне бөлене білді. Қайрат шығармалшары өңіріміздің өнер саласындағы азаматтармен қатар, елімізге танымал Г.Ақүрпекова, С.Қалымов, Қ.Мақановтардың репартуарын жаңартты. М.Омаров, Қ.Жүнісов, Л.Әбдіхалықова, Ұ.Жолдасов, Ж.Темірова бастаған белгілі композиторлармен соңғы деміне дейін аралас-құралас болып келді. Киелі Науырзым даласында дүниеге келіп, жасынан жарқ етіп көрінген ән-ғұмырдың арманы көп еді. Дүниеден өтерден жарты жыл бұрын ғана «Қостанай – құтты мекенім» атпен өткен шығармашылық кешіне өнерін бағалаған жұртының сағына келгеніне куә болғанбыз.
IMG_20200205_105825
Марқұмның рухына арналған «Мәңгі көктем» еске алу ән кеші былтыр кеншілер қаласында өткені белгілі. Ал көзі тірі болса, биылғы сәуір айының 16 күні 55 жасқа толатын бірегей дарын иесінің есімі Рудный тарихи-өлкетану музейінде жаңғырды. Композитордың артында қалған музыкалық аспаптары, ән таспалары, жеке тұтынған заттары, марапаттары мұражай ішінде жеке бұрыш болып ашылып отыр. Тіпті, елге әлі тарай қоймаған, сазгердің өз даусымен орындалған әндерінің аудио кассетасы да достарының үйінен табылып, музей қорына тапсырылып отыр. Осы шараға орай мұражайда «Жырлайды жүрек» атауымен рухани кеш өтті. Бұл науқанның басы-қасында жүрген Қайрат Нұрғазиннің өнердегі әріптесі, өмірдегі досы, белгілі ақын, журналист, Рудный қаласының құрметті азаматы Арман Хасенов.
IMG_20200205_105904
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылған шараға Қайрат Сейітмағанбетұлының көзін көрген, иықтас, пікірлес, дос болған ел ағалары, белгілі ақындар, студенттер, туыстары алыстан-жақыннан жиылып келіпті.
IMG_20200205_111326
Тоқсаныншы жылдары Қайрат Нұрғазин «Жадыра» және «Аққу» шығармашылық ұжымына, Рудный индустриалдық институтының халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Соңында қаншама ізбасары, шәкірті бар. Кеш барысында «Жадыра» тобы,Қ.Ахметжанов, Б.Зиналиева, Ж.Тілеуқабылов, К.Өмірбекқызы, О.Пигасова, А.Құрманов, А.Сәбитбекұлы қатарлы ел ағалары, ақындар, әншілер, достары және жақын бауырлары, туыстары лебізін білдірді. Арман Хасенов алдағы сәуір айында сазгердің туған күніне арналып бұдан да ауқымдырақ басқосу шарасын өткізу ойында барын айтады.
burst

burst

Ал шара барысында сазгердің көпшілікке белгілі әндері орындалды. Соңында дастархан жайылып, марқұмның рухына құран оқылып, дұға бағышталды.
IMG_20200205_111619
IMG_20200205_112853
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Рудный қаласы.   
             
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓