Өзіңе сен…

«100 жаңа есім» жобасының қаһарманы, паралимпиадашы Серік Есматов Рудныйдағы ERG жастарының кеңесіне қатысып, мотивациялық шеберлік сағатын өткізді._DSC2128
Алматылық спортшы әңгіме басында бала күнінен жүзу, күрес пен футболға болғандығын айтты. Бірақ 2011 жылдың 30 тамызында орын алған оқиға оның өмірін күрт өзгертті. Жаттығудан шаршап келе жатқан бала абайсызда пойыз астына түсіп, қос аяғынан айырылған. Сағы сынбаған жігіт араға біраз уақыт салып спортқа қайта оралып, отырып ойнайтын волейболмен айналыса бастады._1002902
–Әрине, қатты қиналдым. Бір күнде арман-мақсатымның күлі көкке ұшып, абдырап қалдым. Ең қиын сәтте маған қолдау көрсетіп, сүйеніш болған жандар – анам мен әкем. Әкем қиындыққа мойымай батыл болуымды үнемі айтып отырса, анам күнде жанымда болып, бар жағдайымды жасады. Алайда үйдің кішісі болғандықтан «есейгенде әке-шешемді қалай бағамын» деген ой мені жиі мазалады. Сөйтіп, бірте-бірте қолымнан келген жаттығуларды жасап, тыным таппадым. Үйдегілердің де осыны көріп, көңілдері орнына түсті. Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөздері жігерімді жанып, тек алға ұмтылуға жетеледі, –деді ол._1003239
Күндердің бірінде Серік өміріне үлкен энергия мен шабыт берген жанмен жолықты. Ол болашақ жаттықтырушысы Сергей Хохлов болатын. Ауған соғысында жүріп екі аяғынан айырылса да, үмітін үзбей, өмірде өз жолын тапқан Сергейге қарап, адам мүмкіндігінде шек жоқ екендігіне көзі жетті._1003055
– Бүгінде волейбол менің өмірім, спорттың осы түрінде ұлттық құраманың капитанымын. Одан өзге фитнеспен, жүзумен, баскетболмен және ауыр атлетикамен де айналысып жүрмін. Егер, екі аяғы жоқ мен биік белестерге ұмтылсам, сіздердің мүмкіндіктеріңіз қандай екенін біліп отырған шығарсыздар, –деді жас жігіт.
Серік «еуразиялықтарға» жетістікке жету, өмірде табысты болу үшін өз кеңесін айтты.
–Өмір бір рет беріледі. Сондықтан бұл дүниеге не үшін келгенімізді түсінуіміз керек. Әрбір адамның арманы өмірден өз орнын табу. Адам қай кезде өзін табады? Адам арманы жолында еш қиындыққа берілмей, алға жүріп, түзу ниетте болған кезде ғана табады. Ешқашан біреуді тыңдамаңыз. Себебі адамдардың саған айтар жағымсыз пікірлері де, жаман энергиясы ешқашан бітпейді. Тек өзіңізді тыңдаңыз және өзіңіздің еңбегіңіз бен ақылыңызға сеніңіз, – деп қайырды спортшы._1002884
Айта кетейік, өткен апта соңында кеншілер қаласында Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қостанай өңірінде орналасқан ERG кәсіпорындарының жастары бас қосты. Олар екі күн бойы жобалар мен өзгерістерді басқару тренингтеріне қатысып, компания басшысының алдында өз жобаларын қорғады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓