АӘК: 2 мың құжат қабылданды

Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың құжаттарын қабылдау әлі де жүріп жатыр. Қостанай қаласының өзінде бүгінге дейін 1 200-дей отбасы тіркелген.  WhatsApp Image 2020-02-04 at 11.55.52"Қаңтар айында күн сайын 200 адамға дейін қабылдап, 35-75 өтініш тіркеп отырдық. Бірақ соншалықты үлкен кезек болған жоқ. Өйткені азаматтарды алфавит тәртібімен 7 маман қабылдады. Қазір келушілердің қатары сиреді", — дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары.
АӘК-тің заңда белгіленген жалпыға бірдей талап-шарттары бар: біріншіден, АӘК алатын отбасындағы еңбекке жарамды адам міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Екіншіден, отбасының жан басына шаққандағы жалпы кірісі 19 727 теңгеден аспауы керек.  Яғни , 4 баласы бар отбасының жалпы кірісі 118 мың 362 теңгеден аспауы шарт.WhatsApp Image 2020-02-04 at 11.55.52 (1)Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устиновтың айтуынша, бүгінге дейін Қостанай облысы бойынша 2 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсырған.

Нұрқанат Құлабаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓