Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді

Бүгінде әлемді алаңдатқан індетке байланысты Қытаймен көрші елдердің бәрі шекараларын жауып, қауіпсіздіктерін арттырып жатыр. 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Үкіметке Қытайда шыққан коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Осыған орай, қазір елімізде бірқатар кешенді алдын алу шаралары қабылданып, бақылау күшейтілді. Соның бірі — коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс-орталығы құрылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, азаматтар 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады. Егер бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқасаңыз, дереу 103 нөмiрiне хабарласыңыз.
инфографика вирус Сондай-ақ, министрлік қазіргі уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде бүгінгі күні Қытайда 2,8 миллионнан астам адамның індетті жұқтырғандығы мен 112 мың адамның қаза болғаны туралы түрлі жалған ақпараттың таратылғанын, дегенмен бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығын ескертеді.
Ресми деректерге сүйенсек, 27 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан сексен адам көз жұмып, вирус жұқтырғандар саны 2886-ға жеткен көрінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓