Президент жастарға үндеу жолдады

Президенттің кадр резерві жалғасатын болады. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 200115133953503a3603875i«Бүгін мен еліміздің барлық жастарына үндеу жолдағым келеді. Жаңғыру процесі менің ішкі саяси бағытымның негізгі басымдықтарының бірі саналады. Кадр резервін жасақтау жұмысы осымен бітіп қалмайды. Ол жалғасатын болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің атап өтуінше, кадр резервіне өзге де ынталы әрі лайықты бастар кіреді.
«Алдағы кезеңде ХХІ ғасырдың табысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлерді, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін, инноваторлар мен өзге де таланатты жас адамдарды жан-жақты қолдайтын боламыз. Бізге түрлі салада жауапкершіліктен, стандарттан тыс әрі тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын жаңа көзқарасты басқарушылардың командасы қажет. Дәл сондай адамдар еліміз қажет етіп отырған нәтижелерді беруге қабілетті», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, Президент резервке кірген 100 адам қызметке тағайындалатынын айтты.
«Бүгінгі жастар мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз. Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз. Қазірдің өзінде резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке бекітілді. Құттықтаймын! Бұл ауқымды жұмыстың басталуы ғана. Биыл резервтегі 100 адамды қызметке тағайындауды жоспарлап отырмыз»,- деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті алдағы жылдарда кадрлық резервтің әлеуеті толық пайдаланылатындығын да баса айтты. «Әрине, араларыңыздан бизнес саласында зор жетістікке жеткендер шығып жатса құба-құп болар еді. Осы ретте ел дамуына пайдасы тиетін бастамаларды қолға алған жөн»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен кездесу өткізіп жатыр.
Жоба жеңімпаздарының толық тізімін Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтынан көруге болады.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓