Абай ілімі – халықтың рухани тірегі

Гүлжаз ЖАНДОСҚЫЗЫБиыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін мысалға келтіріп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын атап өтті. Сонымен қатар  «Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Ел дәулетті болу үшін ғылымды игеруге баса назар аудару керек. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет» дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президент өз мақаласында «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы осы бағыттағы игі бастамалардың бірі екенін де тілге тиек етті.
Абай әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған "Қара сөздері" — тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек.Ұлы  мерейтойды мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ.
 
 
Гүлжаз СҮЛЕЙМЕНОВА,
Боровской облыстық санаториялық
мектеп-интернатының тәрбиешісі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓