МРТ қызметі тегін

Компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) қызметі МӘМС арқасында қазақстандықтар үшін 2020 жылдан бастап тегін көрсетіледі. Бар болғаны, жеке отбасылық дәрігерден тексеруден өтуге жолдама қағаз алу жеткілікті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың хабарлағанын жазады zakon.kz сайты.2
"Біздің ойымызша, 2020 жылы құны қымбат тұратын КТ және МРТ қызметінің қолжетімділігі артады. Қарағандыдағы пилоттық жоба көрсеткендей, жеке секторлар бұл қызмет түрлеріне қызығушылық білдіріп отыр. Осы бағыттағы тарифтер өткен жылдың соңында 60%-ке дейін өсірілді, бірақ олар қазіргі таңда нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Дей тұрғанмен, медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көлем қамтамасыз етіледі. Бұған жеке клиникалар өте мүдделі, — деді А.Жұмағұлов.photo_274467-768x432
Бүгіндері қызметтерді бөлу тетігі әзірленіп қойылған. Барлық жолдама қағаздар мен тағайындаулар емханадағы отбасылық дәрігерден басталуы тиіс. Нақ солар диагноз қойып, қандай тексерулерден өту керектігі жөнінде шешім шығарып, сіздің денсаулығыңызды бақылауға алады.
"Салалық маманды таңдау пациенттің қалауына байланысты болады. Дәрігерді немесе ұйымды таңдай отырып, пациент аумақтық орналасуын қарамауы мүмкін. Дәрігер оны МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді жеткізушілердің тізіміне кіретін кез келген клиникаға жібере алады. Бұл тетіктер бүгінде нақты жазылып көрсетілген", — деп түсіндірді А. Жұмағұлов.
Қызмет көрсетушілердің жалпы саны 2020 жылы 2 096 медициналық ұйымды құрады, оның ішінде 62%-ы (1 276) — жеке, 38%-ы (793) –  мемлекеттік мекемелер. Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрайды, медициналық көмек көлемінің бір жарым есе ұлғаюы мен АДҚ қоса алғанда (амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету) жалпы сома 194,2 млрд теңгеге ұлғайтылды.
"Атқарылған жұмыстың маңызды және ажырамас бөлігі –ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмектің қанағаттануын бағалау бойынша халықпен кері байланысты қалыптастыру. Барлық сұрақтар бойынша халыққа кеңес беру үшін 1406 бірыңғай call-орталығы ұйымдастырылған", — деп қорытты ӘМСҚ басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓