«Қостанай таңы» – сенің газетің

IMG_8978Алдағы 2015 жылға баспасөзге жазылу басталды. Қазақ баспасөзінде, ақпараттық кеңістікте өзіндік орны бар, құт қонған Қостанай өңірінің үнпарағы – кешегі "Ауыл", бүгінгі "Қостанай таңының" 93 жылдық тарихы бар. Халқымыз осынша уақыт бойы өз газетін қолдап, оны өмірінің серігі, сырласы, досы санап келді. Биыл да, болашақта да солай бола береді деп сенеміз.
Бүгіндер облыстық басылымның таралымы он бір мыңдай. Сол оқырман бізге келер жылы да сенім артады, бауыр басқан басылымын жаздырып алады деп үміттенеміз.
Және жаңа оқырмандарымыздың да "Қостанай таңын" қалайтынына күмән жоқ. Өйткені газет – досың, сырласың.
Биылғы біздің ұран – облыстағы әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда "Қостанай таңының" ең болмаса, бір данасы болсын!
Газетке бір жылға жазылу бағасы: жеке тұлғаға  – 3800, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға – 4200 теңге, 6 айға осы бағаның жартысы. Индекс: 54482.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓