Египетке екі билет ұтып алғыңыз келсе…

 Жылда Банк Хоум кредит 1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында күн сайын Египет еліне саяхаттауға екі адамға билет ойнатады. Акцияға қатысу үшін клиент алдымен бөліп төлеуге несие алуы керек, несие картасын ашу қажет немесе мобильді банк пайдаланушысы болып, сәттілікті күтуі тиіс. Мұндай тиімді ұсыныстардың себебі неде десеңіз, клиенттердің өмір сапасын арттыру – Банк Хоум Кредиттің басты ұстанымы.
“Ұшқыр отбасы” акциясы арқылы Египетке 2 адамға арналған жолдаманы ұтып алғандардың арасында қостанайлықтар да бар.  Олар – Қайрат Кенжебаев, Салтанат Ешбанова, Татьяна Гурина және Қуаныш Омаров. Жеңімпаздар қызыл теңіз жағажайында және бес жұлдызды қонақ үйде он күн бойы демалатын болады. Банк Хоум Кредиттің кезекті сыйлығын ұтып алғандардың бірі Қуаныш Омаровтың қуанышында шек жоқ. Енді ол жұбайымен бірге 2020 жылды фараондар мен пирамидалар еліне ұмытылмас саяхаттан бастамақ.   
хоум
хоум2
хоум3
-Қуаныш, Сіз Банк Хоум Кредит ұтысына қатысып, екі адамға жолдама ұтып алыпсыз, құттықтаймыз. Қуанышыңызбен бөліссеңіз…
Рақмет. Басында ешқандай ойым болған жоқ. Ағымдағы жылдың 15 қарашасында жұбайыма “Технодомнан” Банк Хоум Кредит арқылы бөліп төлеуге ұялы телефон алған едім. Мен несие рәсімдеп жатқан кезде банк операторы “Египетке саяхаттауға ұтыс ойнатылып жатыр, мынадай акция болып жатыр, қатысып көріңіз” деді. Шындығын айтсам, басында ешқандай қызығушылық болмады. Жарайды, қатыса салайын дедім. Міне қызық, өткен жұмада Банк Хоум Кредиттен маған аталмыш акциядан екі жолдама ұтып алғанымды айтып қоңырау шалғанда мен үшін күтпеген тосын жағдай болды. Жеңіске жеткеніме басында сенбедім. Өйткені, мұндай ұтыс ойындарына күмәнмен қарайтындардың қатарында мен де бар едім. Дегенмен, сену керек екен, әділ екеніне де көзімді жеткізіп отырмын.
Жалпы бұған дейін несие алып көрдіңіз бе?
Иә, басқа банктерден ақшалай несие алып тұрамын. Банк Хоум Кредиттен де бір рет тауар алған едім. Ал, бұл жолы бөліп төлеуге телефон алдым.
Банк Хоум Кредит туралы пікіріңіз…
Бұл банк өзіме ұнайды. Себебі, тауар алғанда ыңғайлы, тез рәсімделеді және кез келген мерзімге ақшалай да несие береді. Қаншама банктерден несие алып жүрдім ғой. Бірақ мұндай акцияға қатысқан емеспін. Өмірімде бірінші рет.
Саяхатқа кіммен баруды жоспарлап отырсыз?
-Әрине әйеліммен барамын.  Билетті ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Өмірімізде шетел түгілі, еліміздегі демалыс орындарына да бармаймыз  ғой. Тек, армандағанымыз болмаса, шетелде демалу деген үш ұйықтасақ та түсімізге кірген емес. Бірақ, армандар орындалады екен.
-Мысыр еліне қашан барасыздар?
Қазір паспорт дайындап жатырмыз. Алла қаласа жолдаманы алған соң Алматыға барамыз. Оның жол қаражатын өзіміз көтереміз. Әріқарай қаладан Египетке ұшамыз, бәрі тегін. Бізге демалысқа Банк Хоум Кредит қызметкерлерімен, ұйымдастырушыларымен баратынымызды айтты. Бұл банктің өздерінің қыдыртатын бағдарламалары бар екен. Пирамидалар, пальмалар, құм және ыстық теңіз. Қандай керемет екенін елестетіп те жатырмыз. Енді аман-есен барып келсек деген бір ғана тілегіміз бар.
Акцияға қатысу үшін не істеу керек екен?
Акцияға қатысу тым қарапайым. Ол үшін мобильді қосымшаны орнатып, келесі шарттардың кем дегенде біреуін орындасаңыз болғаны. Мәселен, кез келген сомаға ақшалай несие немесе тауарлық кредитке шарт рәсімдеу, кредит картасын ашып, 1000 теңгеден жоғары сомаған транзакция жасау, депозиттік сертификат ашу сияқты қарапайым әдістерді ғана қолданасыз.
Өзіңіз қайда қызмет істейсіз?
Мен Павлодар қаласында вахталық тәсілмен жұмыс жасаймын. Ал, әйелім мұғалім. Біз сияқты жас отбасы үшін бұл керемет қуаныш болды.
-Сұхбатыңызға рақмет, әсерлі демалыс болуына тілектеспіз!

Читайте также:

1 комментарий

  1. Қуаныш:

    Керемет, әдеби тілде жазылған екен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓