Үздік ұстаздар – жоғары нәтижелер

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» атауымен ұстаздар арасында өткен республикалық байқауы мәресіне жетті. Бұл жолы марапаттау рәсімі Шығыс Қазақстан облысының орталығында болды. Оған біздің өңірден «Өрлеу» БАҰО» филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ» директоры Марионелла Слесарь бірінші орынға ие болған қостанайлық ұстаздарды бастап барды. Олар Өскеменде жаңадан салынған «Ұстаздар үйінің» ашылу салтанатына куә болды. Мұнан кейін бейне сабақтар мен бейне дәрістер, республикалық байқаудың марапаттау рәсіміне қатысты.
1111
Айта кету керек, екі кезеңнен тұратын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 1948 ұстаз қатысып, 971 бейне-сабақ ұсынды, оның 66-сы 22 номинация бойынша жеңімпаз атанған болатын. Солардың ішінде 13 қостанайлық ұстаз жүлделі орындарды иеленді – 5 бірінші, 6 екінші және 2 үшінші орын. Бұл өте жоғары көрсеткіш!
Бірінші орынға ие болған бес ұстаз Өскемен қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы Гүлнас Ахметованың қолынан 90 мың теңгенің сертификатын алды. Екінші, үшінші орын иеленген педагогтарды Өскемен қаласынан онлайн трансляциясымен синхронды түрде құттықтады.
Ал «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қызметкерлері екінші орынға ие болған ұстаздарға 67,5 мың теңгенің сертификаты мен Алғыс хаттарын тапсырды.
Үшінші орын алған мұғалімдер 45 мың теңгенің сертификатымен Алғыс хатына ие болды.
2222

Естеріңізге сала кетейік, «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» республикалық бейне сабақтар мен бейне дәрістер байқауы екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және педагог мәртебесін нығайтуға және оның беделін арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» – бұл бүкіл ел мұғалімдері үшін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде тәжірибе, идеялар, әзірлемелер және инновациялармен алмасу алаңы.

33333
С.БАКУМЕНКО,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ маманы.

     

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓