Ә.Бәйменов Қостанайға келді

Қостанай облысына Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов жұмыс сапарымен келді. Өңірлік хаб басшысы Мемлекеттік басқару академиясы филиалында жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен кездесті. WhatsApp Image 2019-12-04 at 10.49.30Басқосуда еліміздегі кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасу, даму тарихы, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі сөз болды. Одан кейін Ә.Бәйменов мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесіп, өңірлік хабтың отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру бағытындағы  ғылыми ізденістері  мен жетістіктері жөнінде әңгімеледі. WhatsApp Image 2019-12-04 at 10.49.33Бүгінде Елорда хабына  құрамында БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері бар – барлығы 42 ел және 5 халықаралық ұйым қатысады. Хабтың басты мақсаты – отандық мемлекеттік қызмет саласына инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізу. Мемлекеттік қызмет саласында болып жатқан реформаларды талдап, тиімді шешімдер ұсыну.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓